Елімізде тауардың тұтас циклін қамтитын толық цифрлық экожүйе құрылуда

Мұндай сүйінші ақпаратты Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтып отыр.

Елімізде тауардың тұтас циклін қамтитын толық цифрлық экожүйе құрылуда Фото: Үкімет

Ол Үкімет отырысында отандық тауарлар саудасын ілгерілету мақсатында ұлттық тауарлар каталогі және электрондық тауарлар каталогі құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– "Сауданың цифрлық айна" моделі өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауар қозғалысының толық цифрландырды. Бұл модель тауардың код беру мен әкелуден бастап дүкендегі сатылым мен тұтынушыға жеткізілуіне дейінгі барлық кезеңді тіркеп отырады. Осылайша, біз тауардың тұтас циклін қамтитын толық цифрлық экожүйені құрамыз, – деді ол. 

Министрдің сөзінше, осы күні тауарларды каталогқа енгізу және кодтау бойынша іс-шаралар іске асырылуда. 

– Бұл – тауарлар, жұмыс және қызметтің бірыңғай классификаторын және ұлттық тауарлар каталогін енгізу. Аталған жүйе тауарды бірегей жүйе бойынша есепке алуға оның атауын стандарттауға және өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды қадағалауға мүмкіндік береді. Биыл тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жалпы классификаторын жүргізу тәртібін ұлттық тауарлар каталогтің ұғымын және міндетті түрде қолдануды көздейтін қажетті заңнамалық нормалар қабылданды. Қазір классификация 1,3 миллион тауарға жасалды. "Ұлттық тауарлар каталогі" мен "Электрондық тауарлар каталогінің" жұмысы аяқталуға жақын, – деп қоса кетті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу