Елімізде тауарға қатысты жаңа ұғым пайда болуы мүмкін

1129

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Қазақстанда тауарға қатысты "ел ішіндегі құндылық" атты жаңа ұғым пайда болуы мүмкін екенін айтты.

Елімізде тауарға қатысты жаңа ұғым пайда болуы мүмкін

Вице-министрдің айтуынша, "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасы отандық өнеркәсіптегі өнімді нарыққа өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

"Ең алдымен, шетелдегі мекемелеріміздің, кәсіпорындарымыздың қолдауы арқылы экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдауға көңіл бөлу ұсынылып отыр. Бұл ретте қолдау шаралары қосылған құнның жаһандық тізбегіне енуі мүмкін кәсіпорындарды құруға және олардың қызметіне бағдарланады.
Көрсетілген мәселелермен қатар мемлекет сыртқы нарықтағы кедергілерді (кедендік, әкімшілік және басқа да тосқауылдарды) алып тастау мәселесінде экспорттаушыларға жәрдем көрсетуі тиіс", - деді Аманияз Ержанов Мәжілісте.

Сонымен қатар ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты биылдан бастап жергілікті қамту институтынан бас тартуды ұсынды.

"Осыған байланысты заң жобасында "Ел ішіндегі құндылық" деген жаңа ұғым енгізіледі. Жобаның бірқатар нормасы сатып алу кезінде ұлттық стандарттарды қолдануды мониторингтеу арқылы ұлттық экономиканың өзіндік жеткіліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық көрсетілген бағыт Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып іске асырылады", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу