Елімізде тәуекел-менеджмент қауымдастығын құру ұсынылуда

1340

Тәуелсіз ұйым компанияларға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және менеджментті дұрыс ұйымдастыруға қатысты ақыл-кеңес беретін болады.

Елімізде тәуекел-менеджмент қауымдастығын құру ұсынылуда

Мұндай бастама салаға қатысты өткен форумда көтерілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгінде қауымдастықтың негізгі міндеттері жазылып, тренингтік бағдарлама құрылған. Бұл онлайн түрде жұмыс істейді. Сол арқылы сынақ пен оқыту жүргізіледі. Ал мұндай бір бағдарламаның құны 15-20 мың теңге болмақ.

"Мәселе туындаған жағдайда содан шығудың жолын қарастырамыз. Бізге ең бастысы –  нақты үлгісін ойлап табу қажет. Әлбетте, ол барлық компаниялардың мәселесін шешпеуі мүмкін. Бірақ сұхбаттасу арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, провизияларды есептеу, несиелік қауіп-қатерді басқаруға қатысты кеңестер беріледі", – дейді  ұйымдастырушы Әлия Шаяхметова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу