Дәурен Абаев елімізде бетперде өндірісін тәулігіне 1 млн-ға данаға дейін арттыру жоспарланғанын айтты.
"Қазір тәулігіне 604 дана бетперде шығарылады. Енді оның көлемін 1 млн данаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қатерлі топтағы адамдарға олар тегін таратылады", – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
ДДҰ пандемия деп жариялаған Covid-19 коронавирусының таралу қаупіне байланысты Президент 16 наурыздан 15 сәуірге дейін елде төтенше жағдай жариялаған болатын. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыға карантин жарияланды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті, оның 32-сі - Нұр-Сұлтан қаласында, 26-сы - Алматыда, 2-еуі Қарағандыда, 1-еуі Алматы облысында және 1-уі Ақтөбе облысында тіркелген.