Елімізде тәуліктік мұнай өндіру деңгейі қысқарды

377

ҚР Энергетика министрлігі жанындағы "Отын-энергетикалық кешеннің ситуациялық-талдау орталығы" АҚ дерегінше, 11 қыркүйекте 213,8 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген. 

Елімізде тәуліктік мұнай өндіру деңгейі қысқарды Фото: inbusiness.kz

Бұл алдыңғы тәулікке қарағанда 12,2%-ға (29,7 мың тонна) аз. Бұл төмендеу МАЭК-те болған апаттан, яғни 2023 жылдың 3 шілдесінен бергі ең жоғары мән, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

DATA HUB жазуынша, содан бері бұл көрсеткіш әдеттегі нормаға оралмаған (тәулігіне 250 мың тонна). 

"Бірақ 31 шілдеде тәуліктік мұнай өндіру көлемі 249,9 мың тоннаға жетті. Алайда оның арты ұзаққа созылған құлдырауға ұласты. Ахуал қыркүйек айында реттеле бастады. Осы айдың бірінші онкүндігінің орташа деңгейі 243 мың тоннаны құрады. Бұл жолы да өсімнен кейін қайтадан құлдырау байқалды", - делінген хабарламада.

Сарапшылар осындай динамиканың себебі ретінде мұнай өндіруші кәсіпорындарды электрмен қамтамасыз етуде жалғасып жатқан мәселелерді атайды. 

"Осыған байланысты 2023 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 92,6 млн тоннадан 90,5 млн тоннаға дейін төмендетілген болатын", - деп жазады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу