Елімізде тәуліктік мұнай өндіру көлемі 1,559 млн баррельге жетті

1073

Елімізде тәуліктік мұнай өндіру көлемі 1,559 млн баррельге жетті

Елімізде өткен аптада тәуліктік мұнай өндіру көлемі 8,9 пайызға артып, 1,559 млн баррельді құрады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен аптаның қорытындысына сәйкес, елімізде газ өндіру көлемі де 17,6 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш тәулігіне 122,5 млн текше метр газды құрады. "Соңғы тәуліктерде өнім өндіру көлемінің артуы барлық дерлік өндіруші компанияларда белгіленді.

Сонымен қатар, келтірілген деректерге қарағанда 2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстаннан экспортталған мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 453,8 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылғы тамыз айына қарағанда 1,8 пайызға төмен. Сондай-ақ,  қыркүйекте елімізден экспортталған мазут 9,6 пайызға азайған. Керісінше, сұйытылған газ экспорты 16,3 пайызға жоғарлады.

"Айта кетейік, Қашаған кен орнынан өндірілген экспорттық мұнайдың алғашқы партиясы Каспий құбыр желісі консорциумының жүйесіне 14 қазаннан бастап жеткізіле бастады. Бұдан бөлек, "ҚазТрансОйл" АҚ құбыр желісі жүйесіне  18,8 мың тонна экспорттық мұнай құйылған. Ал "ИнтергазОрталықАзия" АҚ магистральдық жүйесіне 22,8 млн текше метр тауарлы газ бағытталды", – деп жазылған баспасөз хабарлмасында. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу