Елімізде тазы мен төбетті сақтау мәселелері бойынша бөлек заң әзірленбек

701

ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кезекті жиын өткізді деп inbusiness.kz хабарлайды ПІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде тазы мен төбетті сақтау мәселелері бойынша бөлек заң әзірленбек

Кездесуде министрліктердің басшылық өкілдері бір ай ішінде атқарылған жұмыс барысы туралы баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Сарапшылармен (кинологтар, ғалымдар) талқылау нәтижесінде тазы мен төбетті сақтау және оның тұқымын қалпына келтіруге қатысты жеке заң жобасын әзірлеу жөнінде шешім қабылданын айтты.

Жиын қорытындысы бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заң жобасының соңғы нұсқасын енгізу тапсырылды. Сонымен қатар аталған министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қазақы ит тұқымдары стандартының жаңа жобасын қарастыратын болды.

"Алда атқарылатын іс аз емес. Ведомствоаралық жұмыс тобының барлық шешімдері сарапшылармен бірге талқыланып, олардың пікірі ескерілуге тиіс. Кезінде панажайы бар кинологиялық зерттеу орталығын салу тапсырылған еді. Ол жоспар орта жолдан тоқтады. Енді мұны соңына дейін жеткізу керек. Сонымен қатар, тазы мен төбетті Халықаралық кинологиялық қауымдастықта (FCI) тіркетіп, олардың шыққан жері ретінде Қазақстанды көрсету рәсімдерін ерекше бақылауға алу қажет", – деді ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу