Елімізде теледидар мен радио өшіріледі

550

19 сәуір күні жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілмек.

Елімізде теледидар мен радио өшіріледі Фото: tengrinews.kz

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жабылуымен жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады "Қазтелерадио" АҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу