Елімізде теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктер басталды

119

Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады.  

Елімізде теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктер басталды Фото: t.me/railways_kz

"Жолаушылар тасымалы" сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне арзан баға ұсынып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

№11/12 "Алматы – Шымкент" бағытындағы "Тальго" пойызы

  • Жеңілдік түрі: Турист "2Д" орындарына
  • Жеңілдік мөлшері – 25%

№65/66 "Астана – Қызылорда" бағытындағы "Тальго" пойызы

  • Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
  • Жеңілдік мөлшері – 25%

№105/106 "Алматы – Петропавл" бағытындағы "Тальго" пойызы

  • Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
  • Жеңілдік мөлшері – 25%

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу