Министрлік теміржол саласын цифрландырудың бес бағытын іске асыруда екенін атап өтті. Біріншісі – мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру. Екіншісі – тасымалдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді реинжинирингтеу. Үшіншісі – инновациялық экожүйе құру және цифрлық технологияларды енгізу. Төртіншісі – жолаушыларды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету. Бесіншісі – транзиттік тасымалдарды онлайн бақылау жүйесін енгізу.
"2024 жылы салада 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді болды. Олардың барлығы электрондық форматта көрсетілді. Биыл Тізілім "Қауіпсіздік сертификатын беру" атты жаңа қызмет түрімен толықтырылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99%-ы онлайн форматта ұсынылған", – деді Жаслан Мәдиев.
Жиында цифрлық технологияларды енгізу тасымалдың тиімділігін арттыратын аталып өтті. Салаға келесідей цифрлық шешімдер енгізілуде. Олар – магистралдық желінің цифрлық қосарланған моделін жасау; тасымалдарды жоспарлау үшін жасанды интеллект енгізу; вагон нөмірлерін бейне арқылы тану және "Вагон/жүк орнын анықтау" қызметін қосу; келу/кету дерегін анықтау үшін GPS-трекерлерден деректерді автоматты түрде қабылдау жүйесіне жіберу; вагон нөмірін тіркеу арқылы босына тоқтап тұру уақытын автоматты есептеу. Аталған шешімдер жұмыс сатыларын 45%-ға, ал бизнес-рөлдерді 35%-ға қысқартады. Басқару оңай әрі ашық болады.