Елімізде теміржол саласында 34 мың әйел жұмыс істейді

1818

Елімізде теміржол саласында 34 мың әйел жұмыс істейді

Теміржол көлігіндегі мамандықтарға соңғы жылдары әйел адамдар көптеп келе бастады. Қазіргі таңда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да 34 мың әйел еңбек етеді. Олардың 2700-і басшылық қызметтер атқарады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Жолаушыларды билет кассаларында күтіп алатын, пойыздарда жолсерік ретінде алып жүретін, пойыз қозғалысын қамтамасыз ететін, станция кезекшілігін атқаратын, пойыз диспетчері, жүк және багажды қабылдап алып жөнелтетін, электромеханиктер де әйелдер. Саланың экономикалық шешімдер қабылдау мен кадр мәселесін де шешетін әйелдер.
"Бұл аса маңызды әрі қиындықты, жауапкершілігі мол сала болып табылады. Онда шұғыл шешім қабылдау, зор біліктілік пен табандылықты талап етеді",-дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-ның HR бойынша атқарушы директоры Ш. Әбілбекова.
Жылма-жыл теміржол саласының үздіктері мемлекеттік және салалық марапаттауларға ие болады. Мәселен, 2017 жылы ерекшеленгендер "Ерен еңбегі үшін", "Адал еңбегі үшін" кеуде белгілерімен марапатталды.
Өткен жылы он әйел "Құрметті теміржолшы" атағына ие болды. Олардың қатарында пойызда 9 айлық баланы өлімнен құтқарып қалған жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу