Елімізде тері өңдеу саласы тұралап, өндіріс алға баспай тұр. Бүгінде мал терісі тиынға да бағаланбай қоқысқа тасталып жатыр. Өйткені жылқы мен қой терісін өңдейтін кәсіпорын жоқ. Бұрын ұсақ мал терісінен де табыс тауып келген шаруалар қазір оны тиынға болса да алатын адам таппай әлек.
Ал, сиыр терісі кәдеге жарайды. Бірақ өндіріс орындарына шикізат жетіспейді. Себебі мыңдаған дана сиыр терісі сырт елдерге шикізат ретінде кетеді. Елдегі тері өндірісінің тұралап қалуына не себеп? Саланы алға жылжыту үшін Үкімет қандай шаралар қабылдамақ?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу