Елімізде тері өнімдерін таңбалау аяқталды

1108

Тонды таңбалау заңсыз бизнесті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

Елімізде тері өнімдерін таңбалау аяқталды

Қазақстандағы  тон нарығы таңбалаудан өтті.  Салық қызметкерлері тері өнімдерін таңбалауды аяқтады. Енді тон, желетке, бас киімдерді таңбалаусыз сатуға қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды alau.kz.

Қазақстанда тері өнімдерін таңбалау 2017 жылдың қарашасынан бастап, 2018 жылдың тамызына аралығында жүргізілді. Бұл жұмыс заңсыз бизнесті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Отандық сатушылар тондарды заңсыз нарықтан жиі сатып алатын, салық органдар мұндай статистиканы бірнеше рет келтірген болатын. Таңбалаудың болуы – сатып алушы үшін де жақсы. Бұл сатып алынатын заттың сапасына кепіл береді. Яғни жарты миллионға сатып алған тонның шын мәнісінде де құндыз терісінен тігілген тон екеніне кепіл береді.

Еліміз бойынша жалпы  236 487 тері өнімі таңбаланған. Қостанай облысында — 10 810 тері өнімі таңбаланған.

"Қазақстанда тері өнімдерінің қалдықтарын таңбалау  мен жою процесі аяқталды. Сол себепті қазақстанда тері өнімін бақылау-идентификациялық белгісіз сатуға тыйым салынған. Тері өнімін сатып алған кезде кез келген сатып алушы тауардың заңдылығын тексере алады", — деп түсіндірді Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Дәулет Айсин.

Мобильді қосымшаға QR-код немесе идентификациялық белгіні қолмен теріп енгізу арқылы тері өнімі жайлы ақпаратпен танысуға болады. Арнайы бағдарламаны тегін пайлануға болады. Егер кімде-кім таңбаланбаған тері өнімін сатуға куә болса, салық органы байланыс орталығына хабаралсуды сұрайды. Байланыс-орталығы (1412, 53-65-80).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу