Елімізде TikTok бұғатталатын болды ма?

287

Бүгінгі таңда TikTok-ты толығымен бұғаттау мәселесі тұрған жоқ.

Елімізде TikTok бұғатталатын болды ма? Фото: Olivier Bergeron/unsplash.com

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Сіздің басшылығыңыз ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әлеуметтік желілер бұғатталатынын айтқан болатын. Бұл қандай желілер?" деп сұрады.

"Сұрақ TikTok-қа қатысты еді. Қазір министрліктің күн тәртібінде (TikTok-ты) бұғаттау туралы мәселе тұрған жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген. Ұлттық қауіпсіздікке келетін болсақ, бұл туралы тиісті заңда нақты жазылған. Бұл аумақтық тұтастықты бұзу, қоғамға қауіп келтіру, әлеуметтік қауіп-қатер және басқа да мәселелер", - деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

Ведомство өкілі бүгінде қандай да бір онлайн платформаны бұғаттау туралы мәселе қарастырылып жатпағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу