Елімізде тіркелген әскери-дипломатиялық корпусқа арналған жиын өтті

832

Елімізде тіркелген әскери-дипломатиялық корпусқа арналған жиын өтті

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы контр-адмирал Қайыргелді Есенеевтің басшылық етуімен ҚР аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпусқа арналған Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы баспасөз жиыны өтті.

Жиын барысында әскери дипломаттар ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетімен, бітімгершілерді дайындау процесімен, бейбітшілікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның операциясына ағымдағы қазақстандық үлеспен, сондай-ақ болашақ бастамалармен танысты.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның 5 миссиясында іріктелген әскери байқаушылар мен штабтық офицерлердің қатысу ауқымын кеңейту шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер үшін қосымша орындар бөлу мәселелері жөнінде кейбір серіктес елдермен келіссөздер жүргізілуде.

ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингенті Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның миссиясына қатысатынын айта кету қажет.

Үнділік серіктестермен бірлесе бітімгершілік ротаның үйлесуі аясында қажетті дайындық жұмысы жүргізілді. БҰҰ-ның миссиясына бөлімшенің қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі, оның ішінде, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде ҚР-ның тұрақты емес мүшелілігінің қорытындысын жасау негізінде Қазақстанның беделін нығайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу