Елімізде тіркелген автокөліктердің саны 5 млн-нан асты

336

Тіркелген көліктердің 88 пайызы жеңіл автомобиль.

Елімізде тіркелген автокөліктердің саны 5 млн-нан асты Фото: Inbusiness.kz

2023 жылғы қыркүйекте есепке 169,4 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп, оның ішінде автобустар 1,8 есе, жүк автомобильдері – 1,8 есе және жеңіл автомобильдер саны 1,6 есе өсті.

"Осылайша, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны  5 млн 161,8 мың бірлікті құрады", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  •  88% – жеңіл автомобильдер;
  •  9,9% – жүк автомобильдері;
  •  2,1% – автобустар.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу