Елімізде тіркелген компаниялар 5 жыл сайын аудиторын ауыстырып тұруға міндеттеледі

718

Бүгін қаржы министрлігі отандық бірқатар аудит пен бухгалтерлік есеп саласындағы мамандарды жинап, жаңа талаптың ерекшеліктерін түсіндірді.

Елімізде тіркелген компаниялар  5 жыл сайын аудиторын ауыстырып тұруға міндеттеледі

Аудиторлық қызметті мемлекетпен қатар тәуелсіз бақылау жүйесіне де беру қажет. Сондай-ақ, бұдан былай Қазақстанда тіркелген кез келген компания есеп-қисабын тексеру ісінде 5 жыл сайын аудиторын ауыстырып тұруға міндеттеледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Әзірге бұл ұсыныс қана. Егер қолдау тапса, арнайы заң әзірленуге тиіс.

Жиынға Ұлыбиртанияның FCA және RPMG аудиторларлық бақылау ұйым өкілдері де шақыртылған. 2016 жылдан аудиторлық қызметті тексеретін бірыңғай бақылау органын құру бастамасы көтеріліп келеді. 

"Бұған дейін бірқатар мемлекеттік қызмет ортақ бақылаудан шығарылатыны айтылды. Оның қатарында аудиттік қызмет те бар. Қазір талқылау шарасы жүргізіліп жатыр. Бірақ біздің пікірімізше, аудиторлық қызметті мемлекеттік бақылаудан шығармау керек. Оны бақылауды аудиторлық палата, үйлестіру ұйымы және бірлестік атқарып отыр. Бүгінде Қазақстанда небәрі 200-ге таяу жеке аудиторлық компания бар. Ал аудиторларды тексеретін 5 ірі компания бар. Ал жалпы саны 7 аудитор аттестациялан өткен. Мақсатымыз  –  жаңа талартарды түсіндіру", - дейді ҚР қаржы министрлігінің департамент директоры Арман Бектұрова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу