Елімізде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артты

1620

Мамыр айының соңында аталған бизнес субъектілерінің саны 435 мыңды құрады.

Елімізде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артты

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3 пайызға жоғары, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны 291 мыңға  жетіп отыр. Мұндағы нақты өсім – 10,3 пайыз.

Сонымен қатар, бір жылдың ішінде белсенді шағын компаниялардың саны 11 пайызға артқан. Қазір елдегі шағын компаниялардың жалпы саны 429,2 мың. Бірақ олардың тек 66,6 пайызы, яғни  285 мыңы  ғана жұмыс істеп тұр.

Айта кетсек, биылғы жылдың мамыр айының соңында небәрі 6 мың шағын компания тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға кем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу