Оның сөзінше, компанияның агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті әртараптандыру бойынша табысты тәжірибесі көпшілікке үлгі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KazFoodProduckts компаниясы 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жұмыс істемейтін "Биохим" зауытын сатып алған. Қысқа мерзімде ауқымды жаңғырту жүргізіліп, технологиялық процестер қалпына келтірілген. Осылайша, кәсіпорын іске қосылып, ауқымды жұмысты бастаған.
– Қазір біз жыл сайын 300 мың тонна астықты жоғары өңделген өнімдерге – крахмал, бидай глютені және биоэтанолға бөліп өңдейміз. Осының арқасында жай астық экспортымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары қосылған құн қалыптасады. Нәтижесінде өндірілген биоэтанол Еуропа елдеріне экспортталады, ал глютен бізге алыс шетелдердің, соның арасында АҚШ пен Жапонияның нарықтарын ашты. Өз кезегінде крахмалды ТМД және Азия елдеріне негізгі жеткізуші болып отырмыз, – деді Әлихан Талғатбек.
Ол сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-мен және америкалық серіктестермен ынтымақтастықта ТМД-да экологиялық таза автомобиль және авиациялық отын (SAF) өндіретін алғашқы зауыт салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталғанын қуана жеткізді. Зауыттың қуаттылығы – 50 мың тонна, ал инвестициялар шамамен – $200 млн.