Елімізде төлеу мерзімі 90 күннен асқан борыш көлемі 1,4 трлн теңгені құрайды

603

1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 1400-ге жуық адамның 1 трлн 450 млрд теңге төлеу мерзімі  90 күннен асқан қарызы бар.  

Елімізде төлеу мерзімі 90 күннен асқан борыш көлемі 1,4 трлн теңгені құрайды Фото: nur.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, осы категориядағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін арнайы заңнама әзірленгенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның негізгі ережелері" туралы Орталық коммуникациялық қызмтінде өткен брифингте Ержан Біржанов, елімізде 365 мың адамның 5 жылдан асқан қарызы 504 млрд теңгені құрайтынын айтты. 

Сондықтан, Қаржы вице-министрі, бұл мәселе халықтың проблемалық қарыздарын заңнамалық реттеудің қажет екенін көрсетіп отыр, дейді. Оның сөзінше, заңнаманың жағымды да, жағымсызда тұстары бар.  Дегенмен, бастамашыл топ, өзге елдердегі мұндай заңды қолдану тәжірибесін зерттей келе, тек жағымды әсерлерін негізге ала отырып заң жобасын әзірлеуген. Қазір  "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң" жобасы Мәжіліс қарауында. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу