Елімізде төмен көміртекті экономика моделі іске қосылады

1428

Озон қабатының бұзылуына тосқауыл қойылады. 

Елімізде төмен көміртекті экономика моделі іске қосылады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеп жатыр. Аталмыш құжат Қазақстанның "жасыл экономикаға" өтуін жеделдетеді. 

Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Олжас Ағабековтың айтуынша, жобаның жүзеге асуына Германияның GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы атсалысуда. 

"Шетелдік сарапшылар Қазақстанда төмен көміртекті экономика моделін іске қосу үшін экономикамыздың түрлі салаларын зерттеп жатыр", – деді департамент директоры.

Оның сөзінше, төмен көміртекті даму стратегиясы жаһандық климаттың өзгеруіне тосқауыл болады. Болашақта өндірісте, ауыл шаруашылығы саласында, көлікте  қолданылатын технология қоршаған ортаға зиян келтіретін парниктік газды аз бөлуге тиіс. Осылай болғанда озон қабатының бұзылуына тосқауыл қойылады. Бұл үшін тиісті алғышарттар жасалуы керек. 

"Біз баламалы және жаңартылатын қуат көзіне көшкенде ғана экологияға келетін зардапты азайтамыз. Бұл үшін инновациялық бастамаларға қолдау көрсетіп, ұлттық экономиканы трансформациялау қажет. Бұған Қазақстанның әлеуеті жетеді", – деді Олжас Ағабеков.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу