Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы басталды

541

Биыл Республика күні жұма күніне түсіп тұр. 

Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы басталды Фото: freepik

25 қазан Республика күнін мерекелеуге байланысты бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін ең қысқа жұмыс аптасы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2022 жылдан бастап Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Сол жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс тастаған болатын.

"Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Президент.

Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді. Бес күн жұмыс істейтін ел азаматтары қатарынан үш күн демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар да мереке күні демалады, олар 26 қазанда жұмысқа шығады. Аптасына алты күн еңбек ететіндер қазан айында небары 5 күн демала алады.

2024 жылдың қазан айындағы демалыс кестесі:

Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс;
26 қазан, сенбі –демалыс;
27 қазан, жексенбі – демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы:

25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс;
26 қазан, сенбі – жұмыс күні; 
27 қазан, жексенбі – демалыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу