Елімізде 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

236

Алайда бұл өзгеріс әзірге барлық салаға бірдей енгізілмейді.  

Елімізде 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін Фото: weproject.media

Өзгеріс тек жекелеген бағыттарда пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мұндай жұмыс кестесін енгізу мүмкіндігі қолданыстағы заңнамада қарастырылғанын айтты.

Оның сөзінше, төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы шешім жұмыс беруші мен қызметкерлердің өзара келісімі негізінде, ұйым қызметінің ерекшелігі ескеріле отырып қабылданады.

Алғаш болып жаңа жұмыс тәртібіне көшетін кәсіпорындар бұл тәжірибенің тиімділігін көрсететін пилоттық алаңға айналады. Кейін оның нәтижесіне қарай төрт күндік жұмыс аптасын экономиканың басқа салаларына да кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу