Елімізде төрт жылда сотталғандардың саны 30%-ға қысқарды

745

Елімізде төрт жылда сотталғандардың саны 30%-ға қысқарды

Мәселен, 2012 жылы темір торда 52 мың айыпты отырса, 2016 жылы ол көрсеткіш 36 мыңға дейін кеміген, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа жүйесі 7 мекемені жауып, қазына қаражатының 12 млрд теңгесін үнемдеуге мүмкіндік берген. 

"Мақсаты – қылмыстық процесте және колониядағы азаптауды болдырмау, оның алдын алу. Оны іске асыру механизмдері бар. Азаптаудың тиімділігін көтеру мақсатында заңдарға өзгерістер енгізіледі. Оларды халықаралық келісімдер мен стандарттарға келтіреміз", – деді ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу