Елімізде туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 1800 ота жасалды

573

Қазақстан – кардиохирургиялық оталар сәбилер дүниеге келгеннен бастап жасалатын Орталық Азиядағы жалғыз ел.  

Елімізде туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 1800 ота жасалды Фото: el.kz

Жыл басынан бері туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 1800 операция жасалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың 11 айы ішінде туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 1800 операция жасалды. Оның 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалған. Бұдан бөлек Германия мен Түркиядан шетелдік мамандарды тарта отырып, шеберлік сыныбы аясында күрделі ақаулары бар 24 балаға операция жасалды", - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, аса күрделі жағдайларға тап болған балалардың өмірін құтқару үшін еліміз телемедициналық технологиялар және медициналық авиациямен қамтамасыз етілген.

"Санавиация арқылы өңірлерге 497 ұшу орындалды, оның ішінде мамандар жаңа туған нәрестелерге 271 рет көмек көрсетті. Барлығы 1072 балаға медициналық көмек көрсетілді. Санавиация арқылы 273 бала тасымалданды, оның ішінде 93 бала Астана және Алматы қалаларына жеткізілді", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу