Елімізде туберкулезден туындайтын өлім-жітім 10 пайызға азайды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Елімізде туберкулезден туындайтын өлім-жітім 10 пайызға азайды Фото: canva

2025 жылдың қорытындысында Қазақстандағы туберкулездің эпидемиологиялық көрсеткіштері жақсарып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство дерегіне сай, туберкулезбен сырқаттанушылық 9,9%-ға төмендесе, таралу көрсеткіші 12,8%-ға азайған.

– Емдеу тиімділігі де артты: дәріге сезімтал туберкулезден жазылу көрсеткіші 90,5%-ды кұрады, дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ға дейін жоғарылады, бұл көрсеткіштер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан жоғары. Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар саны 15%-ке азайды. Қазақстан Республикасында туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді, – делінген ресми хабарламада.

Елімізде МСАК ұйымдары деңгейінде туберкулезді ерте диагностикалаудың заманауи әдістері енгізілген: GeneXpert аппараты арқылы жүргізілетін (туберкулезге ПТР) зерттеу нәтижелері 2 сағат аралығында дайын болады.

ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, дәріге төзімді туберкулез түрлерін емдеуде тиімділігі жоғары, инъекциясыз қысқа мерзімді 12 айдан 6 айға дейін емдеу режимдері қолданылады, бұл емдеу режимдері қабылдауға ыңғайлы таблетка түрінде ұсынылады.

– Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу үшін 1 айдан 3 айға дейінгі жаңа қысқа мерзімді режимдері қолданылады. Бұл байланыста болған адамдар мен қауіпті топтарындағы тұлғалар арасында белсенді туберкулездің дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Жыл сайын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Амбулаториялық деңгейде науқастардың 40%-ы емдеуді бейнебақылау режимінде қабылдайды, – деп жазды министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасы.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерді әлеуметтік қолдауға және елдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту жұмыстарын жалғастыра түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу