Елімізде тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр

730

Мамандар тұмаудың алдын алу шараларын сақтауға шақырды. 

Елімізде тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр Фото: slovo i delo

Балаларда тұмау жеңіл түрде өтеді. Бұл туралы Орталық комманикациялар қызметінде өткен брифингте "Астана медицина университеті" АҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінде тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр. Әрбір оныншы ересек адам және әрбір үшінші бала бұл ауруларға шалдығады. Ата-аналары балаларының денсаулығына мұқият болу керек. Ауырғандардың 80%-ында тұмау жеңіл түрде өтеді", - деді Динагүл Баешева.

Спикер тұмаудың қауіпті клиникалық белгілері ретінде температураның түспеуін, жөтелдің пайда болуын атады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу