Елімізде тұмаудың жаңа екі түрінің таралу қаупі бар

807

Осы жылы тұмауға қарсы вакцинаның 1,5 миллион дозасы әзірленген.

Елімізде тұмаудың жаңа екі түрінің таралу қаупі бар

Былтыр елімізде тұмаудың "Мичиган" және "Гонконг" түрлері кездессе, биыл олардың қатарына тағы екі "Сингапур" мен "Колорадо" деген түрлері қосылуы мүмкін. Бүгінде тұмауға қарсы вакцина салдырушылардың саны артып келеді. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілі Айнагүл Қуатбаева айтты, деп хабарайды 24.kz.

Маманның айтуынша, 2017-2018 жылғы эпидемиологиялық маусымда 2 миллион 200 мыңннан астам адам егпе жасатқан. Бұл Қазақстан халқының 12,3%-ы. Ал алдыңғы маусымда 1 миллион 900 мың адамға вакцина салынған екен.

Осы жылы тұмауға қарсы вакцинаның 1,5 миллион дозасы әзірленген.

"Тауық белогына аллергиялық реакциясы бар азаматтарға вакцинаны салуға болмайды. Одан басқа вакцина салу кезінде әртүрлі жұқпалы ауруларыңыз болса, өте жоғары дене қызуы көтерілген кезде, сонымен қатар созылмалы аурулардың асқынуы кезінде бұл вакцинаны жасауға болмайды. Вакцина салғаннан кейін 14-21 күннің ішінде иммунитет қалыптасады. Әрине, осы уақыттың ішінде вакцина алғаннан кейін көпшілік ортаға бармағаныңыз дұрыс", - дейді Айнагүл Қуатбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу