Елімізде тұңғыш рет мұнай-газ кен орындарында онлайн аукцион өтеді

824

23 желтоқсан күні мұнай-газ кен орындарында барлау мен өндіру құқығына арналған еліміздегі алғашқы онлайн аукциондар өтеді. Бұл туралы "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ хабарлады.

Елімізде тұңғыш рет мұнай-газ кен орындарында онлайн аукцион өтеді

Мамандардың айтуынша, жалпы онлайн аукциондар сервисі биыл 1 қыркүйектен бастап, www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі порталында іске қосылған. Инвесторлар осы онлайн әдісімен де жер қойнауын пайдалану құқын ала алады. Ол үшін аукционға қатысу туралы өтінімді онлайн беріп, көздеген нысандарын белгілей алады. Бұдан кейін кен орнын барлау немесе игеру құқығын аукционға шығару процесі басталады. 

Бүгінде интерактивті тақтада 82 учаске туралы ақпарат берілген. Ал аукционға шығарылғаны – 10 учаске, бірақ 23 желтоқсанда тек 7 учаске бойынша аукцион өткізіледі. Қалған үшеуіне берілген өтініштер саны аз болғандықтан аукцион өткізілмейді, дейді орталық мамандары. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жаңа жүйе нарықтың  ашықтығын қамтамасыз етіп, "көз қысты, бармақ басты" әрекеттерді азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бизнестің де, мемлекеттің де аукцион өткізуге кететін шығындарын айтарлықтай азайтпақ. 

Ақпараттық жүйе мемлекеттік деректер базасымен тығыз байланыста жұмыс істейтінін де ескере кеткен жөн. Демек, өтініш берушінің салықтық, басқа да қарыздары болса, онда онлайн аукционға қатысуға шектеу қойылады. 
Бұл онлайн сауда-саттық барысын кез келген адам интернет арқылы көре алады. 

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу