Елімізде тұңғыш рет "сатушысыз касса" іске қосылды

938

Тұтынушылар таңдап алған тауарларының штрих-кодын арнайы құрылғыдан сканерлеп өткізіп, төлем картасы арқылы есеп айырысады. 

Елімізде тұңғыш рет "сатушысыз касса" іске қосылды

Бұдан-былай Алматы дүкендерінде кассирдің көмегінсіз-ақ есеп айырысуға болады. Елімізде тұңғыш рет "сатушысыз касса" іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде тұңғыш рет ашылған сатушысыз касса – тек өзіне-өзі қызмет көрсету ғана емес, адамдардың қаншалықты адал екенін сынайтын бірден-бір бастама. Тұтынушылар таңдап алған тауарларының штрих-кодын арнайы құрылғыдан сканерлеп өткізіп, төлем картасы арқылы есеп айырысады. Яғни, өзіне-өзі қызмет етеді. Дүкен қызметкерлерінің айтуынша, бұл қызметті бір сағаттың ішіне 20 адам пайдалана алады.

Жалпы әлемдік тәжірибе бойынша, Скандинавия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде мұндай бастама әлдеқашан іске қосылған екен. Отандық кәсіпкелер осы тұста тәуекелге барып отырғандарын айтуда. Сондықтан тауардың ақысын төлемей өтіп кетем деген ой болса, дүкеннің іші түгел камера екенін естен шығармаған абзал. Егер ешкім көрмейді деп ойлап, "Адалдылық акциясының" шартын бұзсаңыз, алған затыңыздың құнын қайтарту кәсіпкердің өз еркінде болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу