Елімізде тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып жатқан 270 мыңнан аса адам анықталды

575

Биыл тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрған 270 мыңнан астам адам жауапқа тартылды.

Елімізде тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып жатқан 270 мыңнан аса адам анықталды

Бұл туралы депутаттың сауалына берген жауабында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің барлық өңірлеріндегі аумақтық ішкі істер органдары жедел профилактикалық шараларды жүргізе отырып, ішкі көші-қонға бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстарды атқарып жатыр.

2022 жылы өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін жалпы ел бойынша 272,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар шын мәнінде тұрмайтын адамдарды тіркеген және тиісті тіркеусіз тұруға рұқсат берген 2,9 мың тұрғын үй иесі анықталды.

Сонымен қатар ол шетел азаматтарын көші-қон заңнамасына сай тіркеу мәселесіне тоқталды.

"Учаске" жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында шетел азаматтары тұрып жатқан жерлер тексерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу