Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады

1467

Елімізде үй бағасы күннен күнге қымбаттап барады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың қаңтар айында республика бойынша әрленген, жаңа үйдің бағасы 1 шаршы метр үшін 319 мың 252 теңгені құрады. Бұл желтоқсан айымен салыстырғанда 3%-ға қымбат, деп хабарлайды Atameken Business.

Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Ал абаттандырылған екінші нарықтағы баспана бағасы 1 шаршы метр үшін 244 мың 715 теңгеге жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда баға 5%-ға артқан. Ал жалға алу құны 1 шаршы метр үшін 1684 теңгені құрап, былтырғы көрсеткіштен 2,7%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу