Қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату азайды

586

Қазан айында 34 336 мәміле жасалған болатын.  

Қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату азайды Фото: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, биылғы қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33 797 мәміле тіркелді. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 мың, пәтер бойынша 27 797 мәміле жасалды. Өткен аймен салыстырғанда мәмілелер саны 1,6%-ға азайды, деп жазады inbusiness.kz.

Мәмілелер санының басым бөлігі Алматы (7 071) және Астана (5 886) қалаларында жасалды. Тұрғын үйлер саудасы бойынша ең аз операциялар саны Ұлытау облысында тіркелді (394 мәміле).

"Қазан айымен салыстырғанда қараша айында мәмілелердің ең көп өсімі Ұлытау (22,4%), Абай (16,9%) және Жетісу (16,7%) облыстарында байқалып отыр. Ал, мәмілелер санының ең жоғары құлдырауы БҚО (-22,8%), Павлодар (-16,1%) және Атырау (-11,6%) облыстарында тіркелді. Осы жылғы қазанмен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй бойынша мәмілелер саны 559-ға азайды (25 797 мәміле). Сатылымдағы бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер көш бастап тұр. Қараша айында олардың 10 368-і ресімделді. Мәмілелердің негізгі бөлігі Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Ал, 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 032 мәміле жасалды", - делінген хабарламада.

Өткен айға қарағанда жер үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Абай облысында  тіркелсе, ең аз саны БҚО-да байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу