Елімізде тұрғын үйді жалға алу құны арзандай бастады

338

Қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда орташа мөлшер 2,2%-ға төмендеген.

Елімізде тұрғын үйді жалға алу құны арзандай бастады Фото: inbusiness.kz

Krisha.kz мәліметінше, мониторинг жүргізілген 13 қаланың 8-інде пәтерлерді ұзақ мерзімге жалға алу бағасы арзандады. Жаздың басынан бері алғаш рет төмендеу қазан айында тіркеліп отыр. Сарапшылар негізгі өсім шілде-тамыз аралығында болғанын еске салады.

Бір айда пәтерлерді жалға алу бағасы Ақтөбе (7,0%); Петропавл (6,0%), Ақтау, Қостанай, Көкшетауда – 5,0%; Алматы, Қарағандыда – 4,0%; Астанада (1,0%) арзандады.

Ал Павлодар, Орал, Өскеменде баға шамалы қымбаттаған. 

Жалдамалы баспананың ең қымбаты Алматы қаласында (орташа алғанда бір шаршы метр үшін үшін 6 мың теңге) болса, ең арзаны Ақтауда – шаршы метрге 2 632 мың теңге.

Қаңтар айынан бастап есептегенде пәтерді жалға алу құны орташа алғанда 10,3%-ға қымбаттаған.

Қазан айында бір шаршы үшін орташа төлем 3 295 теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу