"Отбасы банк" 10 жылдан аса баспана кезегінде тұрған азаматтарға арналған арнайы портал құрастырмақ. Әкімдіктер арқылы баспана кезегіне қою тоқтатылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй саясатын реформалау туралы жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл туралы вице-министр Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Жаңа механизмге сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы кезек базасы "Отбасы банкке" беріледі. Әкімдіктер арқылы кезекке қою тоқтатылады. Бұл Заң қабылданғаннан кейін тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, соңғы 10 жыл ішінде тұрғын үйі жоқ барлық азамат аталған орталықтың базасында кезекке тұрады.
"Отбасының цифрлық картасы" және Smart Data Ukimet ақпараттық базалары кезекте тұрған азаматтардың цифрлық портретін жасауға мүмкіндік бермек. Мұнда отбасының табысы, мүлкі және активтері туралы ақпарат болады.
Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, бұл "тұрғын үйге мұқтаж" мәртебесін ресімдеу, несие алу үшін "бір терезе" қағидатын енгізуге ықпал етпек.