Елімізде "Turkistan" телеарнасы іске қосылды

1341

Жаңа арна 3 тілде хабар таратады.  

Елімізде "Turkistan" телеарнасы іске қосылды

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында "Отау ТВ" ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге "Turkistan" телеарнасы жол тартты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

Халықаралық  телеарна түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар таратады. Күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар,  телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады.  

Атап айтқанда, "Salem" таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасы, "Turkistan times" жаңалықтар топтамасы, "Ғибрат", "Әпсана", "Жан сарайы", "Бетперде" секілді бағдарламалардың көрерменге берері мол. 

"Turkistan" телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болады деген жоспар бар", - деп жазылған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу