Елімізде түсті және қара металл сынықтарын экспорттауға салынған тыйым уақыты ұзарды

734

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елімізде түсті және қара металл сынықтарын экспорттауға салынған тыйым уақыты ұзарды Фото: pixabay.com

Құжатта түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан аумағынан 6 ай мерзімге және қара металл сынықтары мен қалдықтарын автомобиль және теңіз көлігімен 6 ай мерзімге әкетуге тыйым салу көзделген.

Бұл сынықтар тапшылығын бастан кешіріп отырған отандық кәсіпорындар жүктемесінің артуы және сынықтардың заңсыз айналымымен күресу шараларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 21 қазандағы бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 2 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға алты айға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу