Елімізде тұтынушылар құқығы күн сайын бұзылады

494

Бұл туралы "Қазақстан тұтынушылар лигасы" қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы Светлана Романовская мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елімізде тұтынушылар құқығы күн сайын бұзылады

Шағымдардың басым бөлігі – кәсіпкерлердің үлесінде.

"Атап айта кететін жайт, кейінгі кезде адамдар өз ұстанымдарын белсенді түрде жариялай бастады. Сондай-ақ жеке құқықтарын сақтауды талап ететіндердің саны өсті. Бұған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін мемлекеттің де, ҮЕҰ-дың да қосқан үлесі зор", – деді Романовская.

Сондай-ақ басқарма төрағасы пандемия кезінде қандай салада шағым көп түскеніне тоқталды.

"Мәселен, 2020 жылы туристік агенттіктер ақша шетелдегі серіктестерге аударылғанына және оны қайтару мүмкін еместігіне сүйене отырып, пандемияға байланысты іске асырылмаған турлар үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. Алайда тұтынушылар белсенділік танытып, бізбен бірге жұмыс істеп, шағымданып немесе медиация арқылы ақшаларын қайтарып алды. Жалпы алғанда, пандемия басталған тұста, яғни 2020 жылы қауымдастығымызға 8 802 қазақстандық көмек сұрап жүгінді. Бірлесіп күш жұмылдырудың арқасында сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін төленген 403 073 378 теңгені қайтара алдық", – деді Светлана Романовская.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу