Елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын омбудсмен пайда болады

226

Қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары алынып тасталады. 

Елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын омбудсмен пайда болады Фото: gov.kz

Мәжіліс "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның жаңа жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдерінің, сондай-ақ Германия, Польша, Түркия және басқа да елдердің тәжірибесі зерттеліп нәтижесінде келесі новеллалар ұсынылып отыр. Біріншіден, азаматтық-құқықтық тұтынушылық дауларды шешу тәртібі көп сатыдан екі сатыға дейін жеңілдетіледі. Екіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның базалық қағидаттары салалық реттеу мен осы салалардағы тиісті мемлекеттік органдардың құзыретін сақтай отырып, қаржылық қызметтерден басқа, барлық қызмет көрсету салаларына қолданылатын болады. Нәтижесінде уәкілетті орган тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салаларалық үйлестіру жөніндегі өз функциясын толық іске асыра алады. Үшіншіден, тұтынушылардың белгіленген және белгіленбеген тобы туралы ұғымдар бөлінген", - деді министр.

Сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақтың бірқатар елдерімен ұқсастығы бойынша Омбудсмен мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер тұтынушылардың белгіленбеген тобына қатысты, сотқа талап қою құқығына ие болады.

"Төртіншіден, егер сотқа дейінгі кезеңде кәсіпкерге жүгінген сәттен тұтынушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілмесе, тұтынушының пайдасына азаматтық процесте сот өндіріп алатын айыппұл түрінде  кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігі енгізіледі. Бұл құқықтық құрал кәсіпкерлерді тұтынушылармен азаматтық дауды сотқа дейін шешуге ынталандыруға бағытталған. Шет елдердің осындай тәжірибесі сотқа өтініштердің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Бесіншіден, онлайн саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша түзетулер ұсынылады", - деді Арман Шаққалиев.

Бұдан басқа тұтынушылар қауымдастығының біздің назарымызды аударған құқықтық кемшіліктер жойылды.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілердің "E-tutynushy" ақпараттық жүйесіне міндетті емес тіркелу туралы нормасы; қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары; авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100 пайыз қайтарылмайды деген ұғым алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу