Елімізде тұз тапшылығы бар

750

Бақыт Сұлтанов импортқа тәуелді 4 тауарды атады.

Елімізде тұз тапшылығы бар

Үкімет үйінде өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жергілікті әкімдіктерге елге қажет тауарды сырттан емес, ел ішінен іздеу керек деген пікір айтты.

"Бұл кезеңде әсіресе өңірлер қандай да бір тауарды сырттан іздемей, бағасы республикалық орташа бағадан төмен өңірлерден тасуды қамтамасыз етуі керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі өндірушілер мен трейдерлердің тізімін ұсынып отыр. Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жоғары. Негізгі позициялар бойынша ішкі нарықты өз өнімімізбен қамтып отырмыз. Импорттың үлесі 20 пайыздан асатын 4 түрлі тауар бар. Бұл – қант, тауық еті, тұз және сары май. Оның өзінде тұзбен өзімізді қамтамсыз етуге толық мүмкіндік бар. Сарымсақ, қарақұмық, орамжапырақ, ірімшік және сүзбе сияқты 5 тауар бойынша импорттың үлесі 7-13 пайыз арасында. Жұмыртқа, сиыр еті, өңделген сүт, күріш, сәбіз, сұйық май, ұн, картоп, нан және айран сияқты 10 тауар бойынша импорт үлесі елеусіз. Өзіміз толық қамтамасыз етіп отырмыз деуге болады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу