Елімізде уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары тапшы

544

Қазіргі таңда Қазақстанда осындай 35 мекеме бар. 

Елімізде уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары тапшы Фото: inbusiness.kz

Республика бойынша тағы 32 уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қажет. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Қазақстанда отбасылық қылмыстардың басым бөлігі агрессорлардың мас болу жағдайында жасалады. Алайда қазіргі таңда "мас дебоширлерді" оқшаулау мәселесі шешімін таппай келеді.  

"Еліміз бойынша 778 төсек-орынға арналған барлығы 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы бар. Бұл өте аз. Биыл бұл мекемелерге алкогольдік орташа дәрежедегі масаң күйдегі 140 мыңнан астам адам жеткізілген. Тәуліктің бірінші жартысында аталмыш орталықтар адамдарға лық толатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл ретте мұндай мекемелерге кешкі және түнгі уақыттарда адамдар көп түседі. Мәселен, Өскеменде 20 төсек-орынға арналған осындай 1 ғана мекеме бар. Тәртіп сақшылары ол жерге 12 мың құқық бұзушыны жеткізген. Оның ішінде тек 7 мыңы ғана орналастырылды", - деді спикер Мәжілістің комитет отырысында.

Осыған ұқсас жағдай Павлодарда да байқалады. Мұнда да 1 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Ал, Көкшетау қаласында мұндай мекеме атымен жоқ, деп жалғастырды Игорь Лепеха.

"Жалпы республика бойынша 594 төсек-орынға арналған осындай тағы 32 мекеме қажет", - деп қорытындылады ведомство өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу