Елімізде уақытша жұмыс істемейтін кәсіпорындардың саны 120,7 мыңға жетті

962

Шағын кәсіпорындардан бөлек орта және ірі кәсіпорындардың табысы 13 млн теңгеге дейін жеткен. Ал белсенділігі уақытша тоқтаған кәсіпорындардың саны бір жылда 19 пайызға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде уақытша жұмыс істемейтін кәсіпорындардың саны 120,7 мыңға жетті

"2021 жылдың шілдесіне дейін елде тіркелген кәсіпорындардың саны 341,9 мыңға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Сонымен бірге уақытша жұмыс істемейтін кәсіпорындардың саны бір жыл ішінде бірден 18,8%-ға, 120,7 мыңға дейін өсті. Жаңа (әлі жұмыс істемейтін) компаниялар 2,7% -ға, 50,1 мыңға дейін артса, белсенді компаниялардың саны елеусіз 0,04% -ға, яғни 171,1 мыңға дейін өсті", - делінген зерттеуде.

Бір жыл ішінде өз қызметін уақытша жоғалтқан кәсіпорындар саны Алматы облысында бірден 54% -ға өсіп, 6,1 мыңға жетті. Ал мұндай проблемалы компаниялардың саны Нұр-Сұлтан мен Шымкентте төрттен біріне көбейді.

Белсенді кәсіпорындар санының ең үлкен өсімі Шымкентте байқалды: жылына 7% артып, 7,4 мыңға дейін өсімге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы үштікке Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары кірді.

Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша шағын бизнес сегментінде өндірілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет көлемі 5,3 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,9% артық.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу