Елімізде ҰБТ-ны ағылшынша тапсырған жеті түлектің үшеуі – Қостанайдан

1131

Елімізде ҰБТ-ны ағылшынша тапсырған жеті түлектің үшеуі  – Қостанайдан

Облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Дауымованың мәліметінше, биыл өңірде  Ұлттық біріңғай тестілеуге 2886 түлек қатысқан, деп хабарлайды Егемен Қазақстан. 

Бұл барлық мектеп бітірушілердің 59 пайызын құрайды. Ал өткен жылы жоғары оқу орнына түсуге талаптанғандар  барлық түлектердің 53,4 пайызы болған еді. Сынақты түлектердің  қазақ тілінде 1396, яғни 48,8 пайызы тапсырды. Олардың  орташа көрсеткіші 91,3 балл, ал орыс тілінде  1459 түлек, 51 пайызы тапсырп, олардың орташа көрсеткіші 81,8 балл болды.

Биыл республика бойынша бірінші рет  жеті түлектер ҰБТ ны ағылшые тілінде тапсырды. Соның  үшеку Астанадан, біреуі Алматыдан болса, үшеуі Қостанайдағы М.Горький атындағы гимназияны бітіріп отыр. Ағылшын тілінде білімін сынаған үш түлектің орташа баллы 97 құрады. 

Облыста 140-қа дейінгі ең жоғары баллды Жангелдин ауданындағы Торғай орта мектебінің түлекгі  Ажар Кенжебай алды – 134 балл! Биыл облыста 142 "Алтын белгі" иесі болса, соның 117-і ҰБТ-ға қатыстып, оның 44 пайызы 100-ден жоғары балл алды. Шекті 50 баллды жинай алмағандар, тамыз айында қайта тапсыруына болатнын айтты Бәтима Бексұлтанқызы. Бірақ ол ақылы болады. Ондай түлектердің саны 161 болды.   

ҰБТ көрсеткіші бойынша, оған қатысқан қостанайлық түлектердің 90,3 пайызы жоғары оқу орнының студенті атана алады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 89 пайыз болған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу