Елімізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жұмысын бастады

1394

ҚР "Кинематография туралы" заңына сәйкес, қазақстандық фильмдер корпоративтік табыс салығынан кірістің 20% көлемінде босатылады

Елімізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жұмысын бастады

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook парақшасында жазды.

"Жақында Алматыда Qazaqfilm студиясында Мемлекеттік орталық жанынан құрылған эксперттік кеңесінің бірінші мәжілісін өткіздік. Аталған ұйымның коллегиялық шешімі негізінде мемлекеттік қаржы алуға іріктелген кинотуындыларға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетілетін болады", ­– деп жазды министр.

Аталған мемлекеттік орталық арқылы ұлттық фильмдерге, ұлттық фильм атағын иеленуге ниетті киножобаларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, сонымен қатар кинематография саласында субсидиялар беру іске асады.

"Заңға сәйкес, қазақстандық фильмдер корпоративтік табыс салығынан кірістің 20% көлемінде босатылады ­­– бұл кино көрсетушілер үшін жағымды жағдай, олар прокатқа біздің фильмдерді жіберуге мүдделі болады. Сонымен қатар, ұлттық киноны 12% қосылған құн салығынан босатуды қарастырдық. Инвестиция тарту үшін біз 30% рибейт енгіздік – бұл әлем кинокомпаниялары үшін өте маңызды, олар өз жобаларын 45% дейін рибейт қамтамасыз ететін елдерде жүзеге асырады", ­­–  деп қорытындылады Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу