Елімізде ұлттық киноны қолдау орталығы құрылды

959

Отандық жобаларға қаржылай көмек көрсетіледі.

Елімізде ұлттық киноны қолдау орталығы құрылды

Елімізде тұңғыш рет ұлттық киноны қолдау орталығы құрылды. Отандық фильмдер мен ұлттық кинофильмдер деп танылатын жобаларға қаржылай көмек көрсетіліп, субсидия бөлінеді, деп хабарлайды Atameken Business.

100% мемлекет қарауында болатын орталық енді  киноөндіріс үшін қаражат бөлу операторы ғана емес, халықаралық нарықты қоса алғанда, киноның кең бұқаралық прокатқа шығу мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақ, орталық жанынан сараптамалық кеңес құрылады. Оның құрамына режиссер Адай Әбілдинов, халық әртісі Асанәлі Әшімов, "Меломан" компаниясының директоры Вадим Голенко мен режиссер және продюсер Ахат Ибраев кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу