Ұлттық қорға қаржы құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

108

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілісте Қазақстанның Ұлттық қорына қатысты қауіп-қатер тәуекелдеріне тоқталды.  

Ұлттық қорға қаржы құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған Фото: canva

Нұрлан Нұржанов бюджеттің атқарылу барысыы бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді көрсеткенін баса атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2024 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,8% -ды құрады, бұл Үкімет алдына қойған болжамдық деңгейден төмен. Меншікті инвестициялар көлемінің 257 млрд теңгеге немесе 7%-ға төмендеуі байқалды. Бұл ретте инвестициялар шикізат нарықтарының құбылмалылығы мен бюджеттің жай-күйіне сезімтал келетін бюджеттік түсімдерге жоғары тәуелділігі сақталуда, бұл ұзақ мерзімді инвестициялық саясаттың орнықтылығы үшін белгілі бір тәуекелдерді туғызады. Бұл жағдайда Қазақстан экономикасы қиын жағдайға тап болды деуге болады", – деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі.

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда Ұлттық қор қаражаты тәуекелді бюджет шығыстарының орта есеппен 30%-ын, ал 2024 жылы 23%-ын жапқан.

Бұл ретте Ұлттық қорға 3,8 трлн теңге мөлшерінде түсімдер ккеліп түскенімен, республикалық бюджетке бағытталған трансферттердің мөлшері 40%-ға ұлғайып, 5,6 трлн теңгені құраған.

"2024 жылғы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша бекітілген 16,1 трлн теңге көлеміндегі жоспар 2 трлн теңгеге (12%) қысқартылып, 14,1 трлн теңгені құрады. Алайда жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш те толық орындалмаған. Орындалмаған сома – 609 млрд теңге", - деді Жоғары аудит палата өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу