Елімізде ұн бағасы қымбаттады

1526

Жоғары сұрыпты ұн 24%-ға, бірінші сұрыпты ұнның бағасы 17%-ға өскен.

Елімізде ұн бағасы қымбаттады

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде елемізде 2,4 млн тонна ұн шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3%-ға төмен. Оның ішінде жоғары сұрыпты бидай ұнының көлемі 2,3 млн тоннаны құрады. Ал нан өнімдерін жасауға қолданылатын қоспалар шығару көлемі 167,1 мың тоннаға жетті, деп хабарлады energyprom.kz. 

Еске сала кетсек, өткен жылы елімізде 3,3 млн тонна ұн шығарылған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14%-ға төмен болатын.  

Өңірлер бойынша әдеттегідей ең көп ұн шығарған өңір – Қостанай облысы. Аймақтың көрсеткіші – 716 мың тонна. Бұл өткен жылдан 8,4%-ға жоғары. Одан кейінгі орында 297,1 мың тонна көрсеткішімен Шымкент және 242,3 мың тонна көрсеткішімен Ақмола облысы. Биыл қос өңірдің бірі 13,6%, келесісі 4,5%-ға аз өнім шығарған. 

Сегіз айда отандық өндірушілер барлық сұранысты қанағаттандырған. Оның ішінде экспорт та, ішкі нарықтағы сұраныс та бар. Ал импорт көлемі 0,4% немесе 8,3 мың тоннаны құрады. Бұл 2019 жылдан 2 есе жоғары. 

Ал экспортқа жалпы шығарылған ұнның 47,7%-ы жіберілді.  Өткен жылы 44,9%-ы сыртқы нарыққа тасымалданған. Отандық өндірушілер биыл шетелге  948,9 мың тонна ұн экспорттады. 

2020 жылдың қазанында еліміздегі дүкендерде жоғары сұрыпты ұнның келісі орта есеппен 231 теңгеге бағаланды. Яғни өткен жылдан 24,1%-ға жоғары.  Ал бірінші сұрыпты ұнның келісі 181,5 теңгеден саудаланды. Бұл өткен жылдың қазанынан 17,3%-ға төмен.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу