Елімізде үш бөлмелі пәтерлерге сұраныс артты

1195

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында үш бөлмелі пәтерлерді сатып алу-сату бойынша 5,7 мың мәміле жасалған.  

Елімізде үш бөлмелі пәтерлерге сұраныс артты Фото: inbusiness.kz

Бұл шілдедегі көрсеткіштен 13,7%-ға немесе 0,7 мың бірлікке артық. Бұл – нарықтағы белсенділік зейнетақымен қамсыздандыру арқылы қамтамасыз етілген 2022 жылдың сәуірінен бастап есептегенде ең жоғары деңгей, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Үш бөлмелі пәтерлердің сатылымы 3 ай қатарынан өсіп отыр. Сарапшылар оның басты себебіне маусымдық ерекшеліктерді жатқызады. 

"Әдетте сатып алушылардың белсенділігі жаздың аяғында артып, бұл үрдіс жыл соңына дейін сақталады. Бұл өткен айда да байқалды. Оның қорытындысы бойынша мәмілелердің жалпы саны 13,4%-ға, 38,8 мың бірлікке дейін өсті", - деп жазады DATA HUB.

Дегенмен де сатылған пәтерлердің 3/4 бөлігі бір және екі бөлмелі пәтерлердің үлесіне тиеді.

Үш бөлмелі пәтерлер Астана (1,1 мың бірлік), Алматы (0,9 мың бірлік) және Қарағанды облысында (0,7 мың бірлік) ең көп сатылған. Сондай-ақ Алматы абсолютті өсім бойынша көшбасшы атанды (+0,2 мың бірлік).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу