Елімізде үш деңгейлі сот төрелігі енгізілді

844

Елімізде үш деңгейлі сот төрелігі енгізілді

Ұлт жоспарының шеңберінде еліміздегі сот жүйесіне өзгерістер енгізіліп, үш деңгейлі сот төрелігі пайда болды. Судьяға қойылар талаптар да күшейтіліп, бұл лауазымнан үміттілердің жасы 30-ға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Азаматтық кодекске түзетулер енгізіліп, апелляциялық сатыдағы инвестициялық дауларды қараудың мерзімі бір айдан екі айға дейін ұзартылды. Ал прокурорлардың азаматтық іске қатысуы айтарлықтай қысқарды.

Жалпы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жедел шешіле бастады. Мысалы, алты айдың ішінде қаралған істердің саны 1,7 есеге қысқарып, ақтау үкімдерінің саны 10,5 пайызға артты. Тамыз айынан бастап сот органдарының ахуалдық орталығы жұмыс істейді. Бұл кез келген өтінішті тіркегеннен бастап атқару парағын жолдағанға дейінгі істі бір орталықтан бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу