Елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады

117

4 мамырдан бастап Қазақстан әуе кеңістігін пайдалану ережелерін қатаңдатады.  

Елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады Фото: Getty Images/Bruce Bennett

2026 жылы 21 сәуірдегі Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан ұшқышсыз ұшу аппараттары үшін қатаң ережелер енгізе отырып, әуе кеңістігін пайдалануға бақылауды күшейтеді.

Ұшқыштарды міндетті тіркеу және ұшу ережелеріне қойылатын талаптар енгізілді, сондай-ақ әуе кеңістігін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл да ұлғайтылды.

"Жаңа түзетулерге сәйкес, әуе бағыттары маңында атыс жүргізу, жарылыс жұмыстары мен түрлі ұшыруларды келісу бойынша қосымша талаптар енгізіледі. Сонымен қатар дрондардың ұшуын бақылау кеңейтіліп, әуе кемелерін ұстауды үйлестіру күшейтіледі", – делінген ережеде.

Мемлекеттік нысандар мен маңызды инфрақұрылымды ұшқышсыз жүйелерден қорғауға ерекше назар аударылған.

Осылайша, атыс жүргізу, зымыран ұшыру, жарылыс жұмыстары, басқарылмайтын аэростаттарды (жеңіл аэростаттарды қоспағанда) пайдалану және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де қызмет түрлері жүргізілетін әрбір нысан (полигон, атыс алаңы, оқу орталығы, карьер, кен орны, шахта, разрез) бойынша меншік иесі немесе оны пайдалануға жауапты орган әуе қозғалысын басқару орталықтарымен өзара іс-қимыл туралы келісім әзірленуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу